Жасыл экономика. «Жасыл» құрылыс нысандары
Келер жылы Астана 90 күнге көрме алаңына айналады. Мұнда EXPO-2017 халықаралық көрмесі өтеді.
«Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған бұл көрменің барлық нысандары халықаралық экологиялық стандарттарға сай болуы шарт. Осы орайда құрылысы жүріп жатқан онда жоғары тиімді технологиялар пайдаланылуда.
Жалпы елімізде «жасыл» үйлер құрылысы енді ғана жанданып келеді. «Жасыл» стандартқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін құрылыс материалдары да шығарылуда. Солардың бірі Астанада орналасқан. Мұнда негізінен тірек және бөлмеаралық қабырғалар жасайды. Бұл өнімге тіпті шетелдік мамандарда қызығушылық танытып отыр. Оның артықшылығы неде?
«Жасыл» құрылыс нысандарының тиімділігі мен қарқыны бүгінгі шығарылым тақырыбына арқау болмақ.