Жасыл экономика. «Ақылды» үй технологиясы

www.colourbox.com

Бүгінде сіз үшін қолыңыздағы гаджет арқылы дауыс командасымен үй басқару мүмкіндігі қарастырылған.

Онымен климатты реттеп, жарық пен теледидарды өшіріп, тіпті жылуды да ажыратуға болады. «Ақылды» үй ұғымы аясына осындай түсініктер кіреді. Біз бүгін осы жүйенің экологиялық тұсын қарастырамыз.

«Ақылды» үй технологиясының көмегімен қуат мөлшерін қаншалықты үнемдеуге болады? Үй таңдағанда клиенттер оның «жасыл» тұсына көңіл бөледі ме? Заманауи смарт-баспаналар қоршаған ортаға зиянын тигізбей, ақшаңызды қаншалықты үнемдейді?

Бағдарламаның түсірілім тобы осындай үйлердің бірінде болып, барлығын өз көздерімен көріп қайтты.