Жасыл экономика. EXPO-ға дайындық қалай жүріп жатыр?

imgbuddy.com

Бүкіл әлем көз тіккен EXPO көрмесінің құрылысы жоспарға сай жүргізіліп отыр ма? Қаржы мәселесі қалай шешіліп жатыр? Бір айдан кейін көрмеге билеттерді сату басталады. Оның құны қанша?

Бүгінде EXPO құрылыс алаңында жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Ол жерде 10 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Ұйымдастырушылар көрмеге барынша отандық компанияларды тартуда. Бетон, бояу және басқа да құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар елімізде де бар. Ал сапасы жайлы ұйымдастырушылар не дейді? Жалпы EXPO алаңының бүгінгі келбеті жайлы осы шығарылымнан көре аласыздар.