Жасыл экономика. «Жасыл» технологияларға арналған қаржы моделі
Қазақстан «жасыл» экономика бағытын 2013 жылдан бастап мықтап қолға алды. Дәл сол уақытта оған көшу жөнінде тұжырымдама қабылданды.
Бұл құжат су ресурстарын басқару, қатты тұрмыстық қалдықтар саясатына байланысты жекелей бағдарламалардың құрылуына түрткі болды. Бүгінде «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі нақты заң жобасы Парламент қарауында. Былтырғы жылдың жазында халықаралық ұйымдардың қолдауымен Қазақстанды «жасыл» экономика моделіне көшіру бойынша қолдау жобасы бастау алды. Оның аясында Еуропалық одақ, БҰҰ Даму бағдарламасы және Еуропалық экономикалық комиссиямен бірлесе елімізге қажетті нақты механизмдер мен ұсыныстарын әзірледі. Бұл жұмыс бүгінде қай кезеңде жүзеге асып жатыр?