Жасыл экономика. Энерготиімділікті арттыруға жасалатын алғашқы қадам

vk.com-1

Қазір нарықтағы энегрияны үнемдейтін шамның бағасы оның қарапайым түріне қарағанда 3-4 есе қымбат.

Отандық өнім шетелден әкелінген баламаларға қарағанда арзан болмай тұр. Сондықтан бұл шамның басым бөлігі сырттан тасымалданады. Тек осында құрастырылатындары ғана бар. Егер еліміз осы саладағы отандық өндірісті дамытатын болса, тұтынушылар үшін энегрия үнемдейтін шам қаншалықты қолжетімді болмақ? Жалпы сіз қандай да бір шамды сатып аларда оның баға тиімділігін ғана емес, қоршаған ортаға пайдасын ойлайсыз ба? Шамдарды сатып алуға кеткен шығынды қуатты үнемдеу арқылы өндіру мүмкін бе?