Жігерлі жүрек. Өмірге құштар жан
Айдана Нұртазинаның тігін шеберханасында ашылғалы жұмыс бір сәтте тоқтаған емес. Бүгінгі таңда ол бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр.
Бала күнгі тоқымаға деген қызығушылығы оны осы салаға алып келді. Арнайы курсты тәмамдаған Айдана, тәуекелген бел буып, шеберхана ашты.
Жалпы ол туылғаннан бері мүгедек емес. 10 жасында ауылдағы әжесіне қыдырып барған Айдана абайсызда құлап, аяғынан жарақат алды. Осылайша дәрігерлер оның зақымданған аяғын кесуге мәжбүр болды. Алайда кейіпкеріміздің жігері жасымады. Оған дәлел Айдананың Қарағанды облысының атынан мүгедектер арасында ұйымдастырылатын би сайыстарынан талай қатысып, жүлделі оралуы. Сондай-ақ ол үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының алтын, күміс және қола медаль иегері. Кейіпкеріміз жайлы толығырақ осы шығарылымнан көре аласыздар.