Жігерлі жүрек. Алтыншаш: «Ішкі әлемімді әнмен жеткіземін»

Алтыншаш Мұқатаева 1 жасында остеогенез ауруына шалдыққан. Қоларбаға таңылғанына қарамастан бойжеткен өз сүйікті ісімен айналысуын жалғастырып келеді.

Музыкаға жаны құмар Алтыншаш мектеп қабырғасында жүргенде-ақ ән айтып, түрлі байқауларда жеңімпаз атанды. Осыдан 7 жыл бұрын Астанаға көшіп келген оның негізгі мақсаты осы шығармашылығын шыңдап, жоғарғы оқу орнын тәмамдау болатын. Бүгінде ол музыкадан тәлім алып, психология мамандығы бойынша оқып жатыр. «Бұл өмірде қуаныш та, мұң да мәңгі емес. Көңілімді ешқашан түсірмеймін», – дейді бүгінгі шығарылым кейіпкері.