Жігерлі жүрек. Мұқтаж жандарға қол ұшын созған кәсіпкер
Кәсіпкер Данияр Қоспанов бірнеше бизнес жобаларға жетекшілік етеді. Оның басты мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандарды барынша жұмыспен қамту.
Бүгінде кәсіпкердің спутник желісімен бақыланатын компаниясында тек мүгедек азаматтар жұмыс істейді. Данияр өз ісінде қателік жібермеуге тырысады. Себебі ол 13 жасында дәрігерлердің салғырттығынан аяғынан айырыла жаздады. Ойнап жүріп абайсызда тізесін жарақаттап алған ол зарбадын көп тартты. Жарақаты асқынып сүйек пен қанға инфекция тараған соң дәрігерлер шұғыл операция жасайды. Алайда салғырттық танытып, 1 апта ішінде 11 рет операция жасауға мәжбүр болды. Данияр ауруханада 40 күн ес-түссіз жатты. Оған жүруді қайтадан үйренуге тура келді. Алайда өмірге деген құштарлық бәрін жеңуге көмектесті. Кейіпкеріміз жайлы толығырақ бүгінгі шығарылымда тарқатамыз.