Жігерлі жүрек. Спорт шебері Сиязбек Далиев

Спортшылар арасында оны «дельфин» деп атайдыСиязбек жасөспірім кезінен жүзумен кәсіби түрде шұғылданады.

19 жасында Әлем чемпионатының күміс медалін алды. Ол мұндай күйге 12 жасында түсті. Ойын баласы құлап бара жатып, ашық тұрған тоқты ұстап қалған. Дәрігерлер оның екі қолын кесуге мәжбүр болды. Алайда Сиязбек басына салғанға көніп, салы кеткендердің қатарынан емес. Табандылығының арқасында үлкен белестерді бағындырып келеді. Кейіпкеріміз жайлы толығырақ бүгінгі шығарылымнан көре аласыздар.