Жігерлі жүрек. Саида Халықова: «Музыка маған қуат береді»

Саида Халықова Астана қаласының Мемлекеттік филармониясында жұмыс істейді.

Ол пианинода еркін ойнайтын ұжымдағы білікті маман. Италияда «Болашақ» бағдарламасы бойынша 3 жыл білім алған талантты қыз елге ойланбай оралды.

Бала күнінде көзіне жасалған операция Саиданы қос жанарынан айырды. Сол кезден бастап жігері жасымаған ол музыка әлеміне қызығып, классикалық бағыттағы шығармаларды тыңдады. Талмай ізденісінің арқасында Саида 4-сыныпта оқып жүргенде-ақ алғашқы концертін берді. Қазір музыкант жылына 2 рет шығармашылық кешін ұйымдастырады. Кейіпкеріміз жайлы осы шығарылымнан көре аласыздар.