Жігерлі жүрек. Өзгеге үміт сыйлаған жан

Елдос Баялышбаев Талдықорған қаласындағы «Асар» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаттығу орталығының жетекшісі.

Қазіргі таңда жоғары оқу орнында бағдарламашы мамандығы бойынша білім алуда. Оны тәмамдаған соң жаңа жобаларды жүзеге асырмақ. 

Елдос осыдан 4 жыл бұрын достарымен көлік апатына ұшыраған. Салдарынан омыртқасына зақым келіп, қол-аяғы қимылсыз қалды. Басқа түскен жағдайдан соң ол аяққа тұрудың жолдарын өзі іздей бастады. Осылай ғаламтордан тапқан әдісі мен орталық ашу идеясын көп ұзамай жүзеге асырды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы грант ұтып, қаражатты қимыл қондырғыларына жұмсады. Арманын арқалаған кейіпкеріміз жайлы осы шығарылымда толығырақ таныстырмыз.