Жігерлі жүрек. Қанат Байбұров – билік пен халық арасындағы дәнекер
Қанат Байбұров Бурабай аудандық маслихатының депутаты. Оны жергілікті халық сайлады.
Халық қалаулысының қабылдауына күніне кем дегенде 10-15 азамат жазылып, түрлі мәселелерін шешіп беруді өтінеді.
Осыдан 15 жыл бұрын Қанат әскери қызметте жүргенде, ол отырған көлік жол апатына ұшыраған. Жігіттің бел омыртқасына зақым келіп, арбаға таңылды. Десек те ешқашан жігері жасыған емес. Бүгінгі таңда ол маслихат депутаты ғана емес, Бурабай ауданы әкімінің мүгедектер ісі жөніндегі кеңесшісі қызметін де атқарады. Кейіпкеріміз жайлы толығырақ осы шығарылымнан көре аласыздар.