Жігерлі жүрек. Шаруасын шыр айналдырған Есет Ибашев

Ол осыдан 19 жыл бұрын апатқа ұшырап, дәрігерлер оң аяғын кесті. 25 жастағы жігіт мүгедекпін деп мұңаймады.

Алғашында ұсақ алыпсатарлықпен айналысқан ақтөбелік Есет Ибашев шаруашылығының бүгінде өрісі кеңейді. Отағасының түпкі мақсаты осы болатын. Қорадағы қараның саны күндіз-түні тынбай еңбектенудің арқасында артып жатыр. Сәйгүліктері де бабында. Жақында жарыстан иесіне көлік мінгізген тұлпарлар тыныстап алған соң тағы да қатарға қосылады. Басты мақсат ұлттық спортты дамыту.