Жігерлі жүрек. Үстел теннисінің шебері Азамат Оразбек
Қос қолының жоқтығы оның үстел теннисін меңгеруіне еш кедергі келтірген жоқ. Бүгінгі таңда жеткен жетістігі жетерлік.
Азамат 8 жасында ойнап жүріп, жоғары вольтты электр желісін ұстап қалады. Салдарынан дәрігерлер оның күйген қос қолын кесуге мәжбүр болды. Алайда ол еш мойыған жоқ. Үстел теннисімен кәсіби түрде арнайы мектеп-интернатында оқып жүрген кезде шұғылдана бастады. Аталмыш спортқа деген қызығушылығы мен талпынысын байқаған жаттықтырушысы Зоя Ананьевна оның қолына ойланбастан ракетканы байлайды. Азаматтың қайсар мінезі көптеген жетістіктерді бағындыруға көмегін тигізді. Бүгінгі таңда оған Қазақстанда үстел теннисінен паралимпиада ойындарда шақ келер қарсылас жоқ.