Жігерлі жүрек. Армандар алға жетелейді
Қарлығаш Тынабекова қоларбадағы би спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Жас қыздың бұл спорт түрімен айналысқанына 2 жыл ғана уақыт болды. Десек те ол жүлделі орындарды иемденіп, көк туымызды шет мемлекеттерде желбіретті. Алғаш қатысқан «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» республикалық байқауы оның спорттағы жетістіктеріне жол ашты. Өзіне деген сенімін оятты.
Осыдан 10 жыл бұрын Қарлығаш жоғары оқу орнында білім алып жүріп, жол апатына ұшырайды. Жұлынына зақым келгендіктен қоларбаға таңылды. Алайда Қарлығаш тәуекелге бел буып Шымкенттен Астанаға жұмыс іздеп келді. Батылдығының арқасында біраз қиындықты жеңді. Ол бүгінгі таңда Астана қаласындағы мүгедектер қоғамында жұмыс жасайды. Кейіпкеріміз жайлы толығырақ бүгінгі шығарылымда таныстырамыз.