Жігерлі жүрек. Кәсіптің көзін тапқан Серік Көлдібай
Серік Көлдібай осыдан 20 жыл бұрын Талдықорғаннан Астанаға көшіп келді.
Оның басты мақсаты бастаған кәсібін осында жалғастырып, өркендету болатын. Жер телімін сатып алып, жұмысты ағайындарымен бастады. Талдықорған қаласында ісін аяқкиім жөндеуден бастаған ол бүгінде бас қалада дәмхананы басқарады.
Серік Көлдібай 7 жасында жұлынның қабынуы салдарынан мүгедектер арбасына таңылды. 10 рет жасалған операцияның нәтижесі болмады. Алайда өмірдің тек ұмтылыстан тұратынын түсінген ол өз мақсатына жету жолында аянбады. Кейіпкеріміз жайлы толығырақ бүгінгі шығарылымнан көре аласыздар.