Алматыда алғашқы крематорий іске қосылды
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий жұмысын бастады, деп хабарлайды, «24KZ».
Жаңа нысан қалалық инфрақұрылымның бір бөлігіне айналып, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Қалалық патологоанатомиялық бюро» ШЖҚ КМК теңгеріміне берілді.
Кремация енді дәстүрлі жерлеуге балама ретінде ұсынылып отыр. Бұл тұрғындарға мәдени, діни және жеке таңдауына сай шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Кешен Чехияда жасалған заманауи жабдықтармен жабдықталған. Мұнда көпсатылы сүзгі жүйесі бар екі кремациялық пеш орнатылған. Екі камералы технология түтін газдарын толық жанып кетуін қамтамасыз етіп, зиянды шығарындыларды азайтады, иіс пен көзге көрінетін түтіннің таралуына жол бермейді.
Бір кремация рәсімі шамамен екі сағатқа созылады. Қажетті температураға дейін қыздыру үдерісі 35 сағатқа дейін уақыт алады, ал толық жүктеме кезінде әр пеш тәулігіне 8 кремацияға дейін орындай алады.
Кремация рәсімі қатаң регламенттелген және толық құжаттар пакеті болған жағдайда мәйітті қабылдау, міндетті сәйкестендіру, кремация жүргізу, күлді өңдеуді және туыстарына тапсыруды қамтиды. Әрбір қадам арнайы бақылаумен және құжатпен рәсімделеді.
Крематорийде кремациядан бөлек, күл салынған құтыны беріп, қоштасу рәсімдерін өткізуге арналған залдар қарастырылған. Сондай-ақ, туыстары арнайы бөлмеден рәсім барысын бақылай алады.
Мекеме қызметкерлері шетелде арнайы оқытудан өткен. Мәйіттермен жұмыс істеу санитарлық талаптар, кәсіби этиканы және құрмет қағидаттары қатаң сақталады.
Крематорийдің іске қосылуы Қазақстанда ритуалдық қызметтердің заманауи әрі экологиялық бағытта дамуына жасалған маңызды қадам болып отыр.