Терроризмге күдікті төрт қазақстандық елге жеткізілді
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құзырлы органдарымен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген азаматтарды елге қайтару бойынша арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды «24KZ».
ҰҚК мәліметінше, 7 және 12 мамыр күндері арнайы жасақтың сүйемелдеуімен Қазақстанның төрт азаматы елге жеткізілген. Олар террористік қылмыстар жасады деген күдікке ілінген.
Ведомствоның хабарлауынша, күдіктілер ұзақ уақыт бойы шетелде жасырынып жүрген және ҰҚК-нің іздестіру мәліметтері негізінде ұсталған.
Қазіргі уақытта оларға қатысты қылмыстық істер аясында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.