ҰҚК төрағасын қызметінен босату себептері белгілі болды

Күштік құрылым қызметкерлері қателіктер жіберді. Президент Ермек Сағымбаевты ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы қызметінен неліктен босатқаны мәлім етілді. Бұндай шешім қабылдауға жемқорлық оқиғасына қатысы бар лауазымды тұлғаларды ұстау жағдайы да себеп болған, деп хабарлайды 24KZ.

Соған байланысты Ішкі істер министріне қызметтік ескерту жарияланған. Ержан Сәденовке полицияның қатардағы қызметкерлері мен офицерлік құрамы арасында тәрбие жұмыстарын күшейту тапсырылды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Telegram-дағы арнасында жариялады. Ал «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшыларының ісіндегі коррупциялық сипатқа келсек, ол еш күмән тудырмайды. Оны тергеу шаралары кезінде фигуранттардың әрекеттері растаған. Сондай-ақ жазбада Президент жүргізіліп жатқан тергеу амалдарынан әуелден хабардар екені келтіріледі. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жемқорлыққа қарсы күреске қатысты берік ұстанымы өзгермейді делінген.

Сондай-ақ оқыңыз: