Астанада екінші әуежай қайда салынатыны белгілі болды
Жаңа әуежайды Астана маңындағы Қосшы, Қарағанды немесе Павлодар тасжолдарының бойында салуы мүмкін, бірақ нақты орны әлі анықталған жоқ. Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев айтып, деп хабарлайды «24KZ».
Қалада автотұрақ ережелері де қайта қаралады. Жексенбі күндері барлық ақылы автотұрақтар тегін болады. Сонымен қатар әлеуметтік нысандардың жанындағы автотұрақтар да тегін болмақ.
Елордада түнгі автобустарды іске қосу жоспарда жоқ. Келесі жылдың соңына дейін Астанаға 300 жаңа автобус жеткізіледі.