Астана қаласында адам ұрлау ісі бойынша бес шетел азаматы сотталды
Тергеу материалдарына сәйкес, 2024 жылғы 9 желтоқсанда қылмыскерлердің бірі жәбірленушіден «көрсетілген қызмет үшін төлем толық төленбеді» деген сылтаумен ақша талап еткен. Ол жәбірленушіге күш қолданып, қорқыту арқылы 80 мың теңгені аударуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды «24KZ» .
Прокуратура қызметкерлерінің мәліметінше, қаскөйлер жәбірленушіні заңсыз түрде күштеп алып кетіп, бостандығынан айырған. Оқиға бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, күдіктілер ұсталған.
Сот үкімімен бес шетел азаматы адам ұрлау және өзге де қылмыстық әрекеттері үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар қылмысқа жәрдемдескен тағы бір қатысушы адам ұрлауға көмектескені және өз бетінше билік жүргізгені үшін 7 жыл 6 ай мерзімге сотталды.
Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енді.