Түркістан бағытында жолаушылар мінген пойыз вагоны рельстен шығып кетті
Түркістан облысында пойыз вагонының рельстен шығуына байланысты тексеру басталды, деп хабарлайды «24KZ».
«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, оқиға 16 маусым күні Шиелі–Түркістан учаскесінде болған. Саратов–Алматы бағыты бойынша қатынайтын №7/8 жолаушылар пойызының бір вагоны рельстен шығып қалған.
Оқиға орнына қозғалысты қалпына келтіру және салдарын жою үшін арнайы қалпына келтіру пойызы жіберілді.
Компанияның хабарлауынша, жолаушыларға медициналық көмек ұсынылғанымен, ешкім көмекке жүгінбеген. Сонымен қатар жолаушыларды тасымалдау үшін қосымша пойыз ұйымдастырылып, оларды отырғызу және жөнелту жұмыстары жедел жүргізілген.
Оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Көлік министрлігі Қазақстандағы жолаушылар вагондарының едәуір бөлігі тозғанын мәлімдеген болатын.