Конституцияның негізгі ережелерін сақтамағандар қатаң жазаланады

Президент Конституцияның негізгі ережелерін сақтамағандар «Заң мен Тәртіп» қағидатына сәйкес қатаң жазаланатынын айтты, деп хабарлайды 24KZ.

«Конституция – мемлекетіміздің негізгі заңы, бұл – халқымыздың құқықтық төлқұжаты. Сондықтан Конституцияны күлкі қылу, оның негізгі ережелерін менсінбеу халқымызды кемсітумен бірдей. Ондай әрекет жасағандар «Заң мен Тәртіп» қағидатына сәйкес қатаң түрде жазаға тартылатын болады». Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында осылай деді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетіміздің абыройы, Қазақстанның халықаралық беделі жолында аянбай еңбек етуі – азаматтық және саяси борышымыз екенін айтып, «Самұрық-Қазынаның» жұмысына тоқталды. «Ұлттық әл-ауқат қоры еліміздің стратегиялық активтерін басқарады, аса ірі шетелдік компаниялармен және халықаралық қаржы институттарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Түптеп келгенде, кез келген келісімнің, серіктестіктің артында ұзақ жылдар бойы жасалатын көптеген келіссөздердің, соның ішінде халықаралық қауымдастықтың елімізге деген үлкен сенімі мен мемлекетімізге жүктелген нақты міндеттер тұрады», - деді.

Сондай-ақ оқыңыз: