Қазақстандағы автокөлік саны 6 миллионға жуықтады

Еліміздегі көлік саны рекордтық деңгейге жетіп отыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 5 млн 995 мың көлік құралы есепке  алынған, деп хабарлайды «24KZ».

Бұл көрсеткішке жеңіл көліктер, жүк көліктері, автобустар, мотоциклдер және басқа да көлік құралдары кіреді.

Тек мамыр айының өзінде 147,7 мың көлік тіркелген. Оның ішінде 129 мыңы – жеңіл автомобильдер, 8,7 мыңы – жүк көліктері, 1,3 мыңы – автобустар және 1,6 мыңы – мотоциклдер.

Жалпы тіркелген көліктердің 84,2 пайызын жеңіл автомобильдер құрайды. Статистика бойынша,

бензинмен жүретін көліктердің үлесі  – 80 пайыз,
дизель отынын пайдаланатын көліктер - 7,6 пайызды, 
аралас отынмен жүретін  көліктер - 6,5 пайызды құрайды. 
Газбен жүретін көліктердің үлесі әзірге 0,4 пайыз.

Елде электр қуатымен жүретін көліктердің саны да артып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда 32 479 электромобиль тіркелген. Бұл жалпы автокөлік санының шамамен 0,5 пайызына тең.

Электромобильдер ең көп тіркелген өңірлердің көшін Алматы қаласы бастап тұр. Мұнда 17 506 электр көлігі есепке алынған. Одан кейін Астана қаласы – 3 235, Алматы облысы – 2 857 және Шымкент қаласы – 1 042 электромобильмен көш бастап келеді.