Ресей Қазақстаннан 50 мың тонна бензин импорттауды қарастырып жатыр

Фото: depositphotos.com

Ресей АИ-92 маркалы бензинді Қазақстаннан импорттау мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды «24KZ».

Reuters агенттігінің ақпаратына сәйкес,  келіссөздердің басты себебі – Ресейдің ішкі нарығында жанармай тапшылығының туындауы. Оған мұнай өңдеу зауыттарындағы жоспардан тыс жөндеу жұмыстары мен бірқатар нысандардың ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылдарынан кейін жұмысын уақытша тоқтатуы әсер еткен.

Нәтижесінде елдегі бензин өндірісі шамамен 25 пайызға қысқарған. Осыған байланысты Ресей жанармайды Қазақстаннан жеткізу және теңіз арқылы импорттау нұсқаларын қарастырып отыр.

Алайда бұған дейін Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Ресей тарапынан бензин жеткізуге қатысты ресми сұраныс түспегенін мәлімдеген болатын.