Су импортын азайту жөніндегі жол картасы әзірленді
Қазақстан су саласында импортты азайтады, деп хабарлайды 24KZ.
Құзырлы министрлік арнайы жол картасын әзірледі. Құжат 13 іс-шараны қамтиды. Оның ішінде салаға технологиялық аудит жүргізу, жабдықтардың тәжірибелік үлгілерін әзірлеу және отандық технологияларды өндіріске енгізу тетіктерін дамыту қарастырылған. Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышевтың айтуынша, су қорын қорғау және пайдалану бойынша ең озық технологиялар тізімі дайын. Елде арнайы суару жүйелерін өндіретін 7 зауыт бар. Министрлік жас ғалымдардың ғылыми әзірлемелері мен Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметін де қолдайды.