Аптап ыстық  Астана – Павлодар тасжолын балқытып жіберді 

Фото: Видеодан скрин/stan.kz

Астана – Павлодар тасжолының 413-шақырымындағы бетон жабындысы аптап ыстықтың салдарынан бүлінді, деп хабарлайды «24KZ».

 Қазір жол қызметі зақымданған бөлікті алып, қиыршық тас пен асфальт-бетон қоспасын төсеу арқылы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының мамандарының  айтуынша, ауа температурасы 36–38 градусқа дейін көтерілгенде бетон плиталарда ішкі кернеу күшейіп, деформация қаупі артады. Осыған байланысты Ақмола мен Павлодар облыстарындағы цемент-бетон жол учаскелеріне бақылау күшейтілген.