Стратегиялық мақсаттар нақты іспен айшықталуы қажет
Әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқан тұста Қазақстан жаһандық даму көшінен қалып қоя алмайды.
Алматыда шымылдығын түрген Gitex AI Kazakhstan форумы бұл Жасанды интеллект саласының саңлақтары бас қосқан жиын емес, салмақты әрі стратегиялық міндетке бағдарланған. Орталық Азия мен Кавказда экономиканың даму келешегі атауымен айдарланған жиынға Мемлекет басшысы баса мән беріп отыр. Форум аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті.
Берік Дүйсенбай, тілші:
- Қазіргі технологиялық өзгерістерді 19-20 ғасырдағы революциямен салыстыруға келмейді. Қазір физикалық болмыс пен цифрлық кеңістік арасындағы шекара жойылып барады. Бұл Президенттің қазіргі көштен қалып қоймауымыз үшін қаншалықты жанталасуымыз керектігіне қатысты берген түсініктемесі. Себебі Дүниежүзілік банктің мәліметіне сенсек цифрлық экономиканың әлемдік ІЖӨ-дегі үлесі 15 пайыздан асқан. Бұл жаһандық бәсекенің тауар нарығынан дерекқор мен стандарттар нарығына қарай ойысқанын анық көрсетеді.
Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысында мемлекет басшысы деректердің бірыңғай жүйесі, атап айтқанда «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасынан бастап, цифрлық теңге, ЖИ саласындағы білім беру жобаларымен жалғастырып, цифрландыру саласындағы негізгі мемлекеттік қадамдарға тоқталып өтті. Кеңес отырысына қатысқан әлемдік сарапшылар Әлеуеті зор Қазақстанның ЖИ-н цифрандыру саясатында неліктен өршіл амбиция қойып отырғанын былай деп тәпсірлейді.
Ричард Стирлинг, "OXFORD INSIGHTS" бас директоры ЖИ саласындағы халықаралық сарапшы:
- Қазақстан биыл Oxford Insights әзірлеген жаһандық AI Readiness Index рейтингінде 16 орынға көтерілді. Бұл керемет жетістік. Осы қарқынды сақтау үшін биыл қалыптастырылған мықты негіздерге сүйену керек. Атап айтқанда сіздерде ЖИ министрлігі бар. Арнайы заң қабылданды. Сондай-ақ ЖИ кеңесі құрылып, мықты сарапшылар тартылды. Сондай-ақ Қазақстан үшін сенім мен деректерге негізделген Эстондық X-Road, мемлекеттік қызметтерді терең сараптамалар негізінде түбегейлі жаңғыртатын Сингапурлық GovTech және Біріккен Араб Әмірліктерінің Group 42 сияқты ұйымдардың деректер орталығын тоғыстырған тәжірбиесі өте маңызды.
Форумның аты айтып тұрғандай, Орталық Азия мен Кавказда экономиканың даму келешегі. Мемлекет басшысы кеңес отырысында цифрлық шешімдер мен ЖИ игіліктерінің экономиканы ілгерілету бағытында жасалып жатқан қадамдарға тоқталса, сарапшылар, Қазақстанның келешек мүмкіндіктері қандай екенін қазірден пайымдай алады.
Олаф Грот, "CAMBRIAN FUTURES" консалтинг компаниясының бас директоры, ЖИ саласындағы халықаралық сарапшы:
- Қазақстанның табиғи артықшылықтарға арқа сүйей алады. Мысалы, минералды ресурстарды тек өндіру ғана емес, оларды өңдеуде ЖИ қолдану маңызды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласын алсақ. Теориялық тұрғыда Қазақстан 400 миллион адамды азық-түлікпен қамтамасыз ете алады. Бұл салада ЖИ қолдану өте маңызды. Логистика саласына келсек, ЖИ арқылы Қазақстан Шығыс пен Батыс арасындағы транзиттік хаб ретінде логистиканы қосымша құн әкелетін салаға айналдыра алады. Қазақстан өз артықшылықтарын дұрыс пайдаланып, жаһандық деңгейде өзін дұрыс позицияласа, онда ол әлемдік масштабқа шыға алады.
Иә, өткен ғасырлармен салыстырғанда Өндіріс сатылап өскенімен оның өзектілігі сақталып отыр. Президент пайымызша жасанды интеллектінің стратегиялық маңызы моделдің ауқымына қарай емес, кономиканың нақты секторымен қаншалықты үйлесім тапқанына байланысты анықталады.
Себебі Қазақстанға технологиямен өнеркәсіптің тоғысқаны керек. Және оны барлық салада жүзеге асыруға әлеуетіміз жетеді. Және стратегиялық мақсаттар пікірталас ретінде қалмай, нақты іспен айшықталуы керек деп түйіндеді сөзін, президент.
Берік Дүйсенбай, Әлібек Әлиев, Дулат Ентебеков