ЖИ әсерінен 400 мың адам қызметінен қағылады
Алдағы он жылда жасанды интеллект 400 мың маманның орнын басып, салдарынан 14 мамандық жойылуы мүмкін.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осындай болжаммен бөлісті. Яғни копирайтер, колл-орталық операторы, кассир, аудармашылар қазірден жаңа дағды игермесе, келешекте қызметінен қағылуы ықтимал. Аталған салаларда әзірге 48 мыңнан аса маман нәпақасын тауып отар. Дей тұрғанмен, жаппай жұмыссыздық күтіледі деуге негіз жоқ. Керісінше, ЖИ көмегімен 30-дан аса жаңа мамандық ашылып, еңбек нарығында ауқымды өзгеріс орын алмақ дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі. Олардың бір парасын Еңбек биржасы порталында тегін меңгеруге мүмкіндік бар. Қазірдің өзінде 100 мың адам жаңа дағдыны меңгеріп келеді. Өйткені күн өткен сайын әлемде деректерді талдау, киберқауіпсіздік, ЖИ шешімдерін әзірлеу, цифрлық инфрақұрылым мен бизнес-процестерді автоматтандыру саласындағы мамандарға сұраныс артып отыр. Ал жұмысшы мамандарға және әлеуметтік сала қызметкерлеріне тапшылық әлі де жоғары. Жыл аяғына дейін тағы 1 млн 200 мыңнан астам бос жұмыс орны ашылайды дейді мамандар.