ЖИ саласында тың жобалар іске асырылады
Қазақстан Орталық Азияда алғашқы болып жасанды жаңбыр технологияларын қолданысқа енгізді.
Сондай-ақ Astana Smart City жобасы аясында жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын автоматты түрде анықтап, тіркейтін жасанды интеллект негізіндегі бейнеаналитика іске қосылды. Жуық арада Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен ұшқышсыз такси бойынша пилоттық жоба да іске асырылмақ. Аталмыш салада бұдан өзге де оң өзгерістер жетерлік. Мәселен, соңғы 3 жылда телекоммуникация саласына салынған инвестиция көлемі 1 трлн теңгеден асқан. Осы уақыт аралығында тіркелген байланыс абоненттерінің саны 19 пайызға, ал ұялы байланыс абоненттерінің саны 12 пайызға артты. Мобильді интернет жылдамдығы 75 пайызға артыр, келер жылдың соңына дейін 3 мыңнан астам ауылды жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізбек. Қазірдің өзінде ауылдық жерлердегі 600-ден астам мемлекеттік нысан интернет желісіне қосылған. Бұдан бөлек, «Digital Nauryz» тұжырымдамасы аясында пойыздарда интернет енгізу жұмыстары да қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.