«Болашақ ойындары – 2026»: көшбасшылар анықтала бастады

Бүгін Астанада өтіп жатқан «Болашақ ойындары – 2026» турнирінің үшінші күні аясында Royale: PUBG: BATTLEGROUNDS дисциплинасы бойынша тартысты матчтар жалғасып жатыр.

Әлемнің 16 үздік командасы бес матч бойы 1 миллион долларлық жүлде қоры үшін бақ сынап жатыр. Қазір алғашқы матчтар аяқталып, турнирлік кестедегі көшбасшылар анықтала бастады.