Phygital Basketball: бүгін жарыстың үшінші күні
«Болашақ ойындарының» бүгінгі кестесі бойынша фиджитал баскетболдан жарысты Аргентинаның Flow Game Basketball және Қытайдың Handsome MDMX командалары бастады.
Бұлар – кешегі топтық кезеңнің айналымынан өткен сегіз команданың алғашқы жұбы. Өкінішке қарай, қазақстандық екі құраманың бірі – Джитиби командасы Қытайлық қарсыласынан 27:30 есебімен ұтылып қалды. Есесіне Астана тобы 33:22 есебімен Воздовак Белградты ұтып, бүгінгі жарысқа жолдама алды.