Phygital football: UEL командасы келесі кезеңге өтті. LIVE
Фиджитал шутер сайысында TeamKz екі ұпаймен ресейлік League Pro Team командасын жеңіп кетті. Цифрлық кеңістіктегі контрстрайк іспеттес онлайн ойын мен нағыз шайқас алаңындағы Lazer Tag сайысында қазақстандық спортшылар екінші күн қатарынан айқын басымдықпен алда келеді.
Ертең TeamKz испаниялық Клан Педраха командасымен онлайн және оффлайн шайқасқа шығады. Болашақ ойындары аясындағы фиджитал шутер сайысы Билайн аренада тамыздың 8-не дейін жалғасады. Ал арнамыздың түсірілім тобы бүгін Қазақстан жеңіл атлетикалық кешеніндегі фиджитал футболда жүр.