Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның ЖИ саласындағы ынтымақтастығы артты
Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастығы Сеулде талқыланды.
Орталық Азиядан келген сарапшылар тағылымдамадан өтіп, ғылым және креативтілік қорында болды әрі Оңтүстік Кореяның кадрлар даярлау саясатымен танысты. Олар сондай-ақ бейінді білім беру мекемелері мен мектептерді аралады. Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрінің кеңесшісі Әйгерім Жанғұтиеваның айтуынша, екі ел Алатау қаласын салу жобасы бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр. Атап айтқанда, онда КАИСТ университетінің кампусы салынып, оқу орны салалық мамандар даярлаумен айналысады.
Әйгерім Жанғұтиева, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрінің кеңесшісі:
- Оңтүстік Кореяның мектептерде жасанды интеллект әзірлемелерін пайдаланатыны ұнады. Соның арқасында балалар деструктивті ақпараттан қорғалған және отандық платформада комикстер немесе кез келген басқа контентті өндіре алады.
Хон Ок Су, Ғылым және креативтілік корей қоры бөлімінің басшысы:
- Бастауыш сыныпта жасанды интеллект және бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы білімнің іргетасы қаланады, орта сыныпта «Информатика» пәнінің арқасында оқу жүйелене түседі, ал жоғары сынып оқушылары «Информатиканы» ғана емес, сонымен қатар «Жасанды интеллект негіздері» және «Деректер ғылымы» сияқты тереңдетілген пәндерді таңдай алады.