Жұмысқа орналасуға ЖИ көмектеседі
Елде «Цифрлық жұмыспен қамту қызметі» жобасы пилоттық режимде іске қосылды. Ол азаматтардың түйіндемелерін зерделеп, лайықты бос жұмыс орындарын ұсынады.
Жасанды интеллектіге негізделген жаңа жүйе қазір Павлодар облысында сынақтан өтіп жатыр. Келер айда оны Маңғыстау аймағында іске қосу жоспарланған. Осылайша жыл соңына дейін елдің барлық өңірін қамту көзделді.
Айгерім Мырзалы, Enbek экожүйесін цифрландыру департаментінің директоры:
- Еңбек порталына жұмыс беруші кірген соң пайдаланушының мансаптық профилі автоматты түрде қалыптасады. Жұмыс іздеуші түйіндемесін жасап немесе жаңартып ЖИ көмегімен диалог арқылы толтыра алады. Ол көмекші азаматтың білімі, дағдысы, жұмыс орны туралы нақтылау сұрағын қояды. Осы мәлімет негізінде ЖИ азаматтың профилін талдап, жеке ұсыныстарды қалыптастырады.