Жолдардың сапасын ЖИ бақылайды
Бұдан былай Қазақстандағы жолдардың жай-күйін жасанды интеллект бақылайды.
Қазақстан жол ғылыми зерттеу институтының мәліметінше ақылды зейін технологиялары бар жылжымалы зертханалар пайда болады. Ол жолдардың сапасын жақсартып, қауіпсіздігін арттыруға көмектеседі. Сонымен бірге кешен жол белгілері мен жол таңбаларын тіркеуге арналған үш камерамен, жабынның тегістігін бақылайтын ультрадыбыстық датчиктермен, ақауларды анықтауға арналған лазерлік сканерлеу жүйесі бар артқы камерамен жабдықталады.