Таразда оқушылардың интернет қауіпсіздігін жасанды интеллект бақылайды

Таразда оқушылардың интернеттегі қауіпсіздігін жасанды интеллект бақылайды. 

Қала прокуратурасы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін «Aimap Kids» жобасын қолға алды. Жаңа жүйе интернеттегі ақпаратты талдап, балаларға төнуі мүмкін қауіптерді ерте анықтауға мүмкіндік береді. Пилоттық жоба әзірге Тараздағы 79 мектепті қамтып отыр. Жасанды зерде депрессия белгілері мен лудомания, суицидтік тәуекелдерді ерте анықтауға мүмкіндік береді. Прокуратураның мәліметінше, былтыр өңірде үш жасөспірім өз өзіне қол жұмсаса, биыл бір дерек тіркелді.   

Саламат Әбітбекова, қалалық прокуратураның бөлім прокуроры:     

- Алынған нәтижелер профилактика субъектілері – прокуратура, полиция, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар тарапынан атаулы профилактикалық жұмысты ұйымдастыру үшін пайдаланылады. Пилоттық жобаны іске асыру мерзімі 2026 жылдың соңына дейін жоспарланып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз: