Оралда жаңа цифрлық платформа іске қосылды
Батыс Қазақстан облысында «Аймақ07» деп аталатын жаңа цифрлық платформа іске қосылды. Осы арқылы өңірдегі инвестициялық бастамалардың барлығын жобалау кезеңінен жүзеге асқанға дейін толық бақылауға болады.
Веб-қызметті өңірлік жобалық кеңсе енгізді.
Ұлттық инвестициялық жобалардың іске асу барысын қадағалау өңірлік кеңсеге жүктелген басты міндеттертің бірі. 4 жыл бұрын құрылған мекемеде 15 маман жұмыс істейді. Олар «Битрикс» жүйесі арқылы мемлекеттік бағдарламалар мен Президент тапсырмаларының орындалуын қадағалайды. Жоба жүзеге асқанға дейінгі қаржыландыру мен құжаттарды сүйемелдеу ісіне араласып, орталық органдармен ортада дәнекер болады.
Батыр Хайруллин, БҚО жобалық кеңсенің бас менеджері:
- Мен осы Келешек мектептері бойынша жұмыстандым. Әрқандай қиындықтар болады. Жергілікті атқарушы органдармен және де орталық атқарушы органдармен мектептердің мердігерлері тарапынан болатын қызметтердің өте жай атқарылуы және жергілікті атқарушы органдардың жұмысының баяулығы сынды қиындықтар болды. Соны біз барынша жоюға тырыстық. 100 пайыз бітірдік, көмектестік мектепке.
Енді аталған жүйенің Aimaq07 деп аталатын, кәсіпкерлікке көмектесетін жаңа дербес тетігі пайда болды. Бұл платформаға тек бақылау міндеті жүктелмейді. Егер инвестордың жұмысында кедергілер туындаса, ол қиындықтар жайлы аталған цифрлық сервиске хабарлай алады.
Махамбет Сұлтанғалиев, облыстық Ақпараттық технологиялар орталығының директоры:
- Мына картадан бәрін көреміз. Әкім де өзі мұны мониторинг жасап көре алады. Мәселен, Бөкей Ордасын басайық. Мұнда міне балалардың ойын-сауық орталығы салынып жатыр. Инвестиция мөлшері – 100 млн теңге. Жергілікті кәсіпкер өз қаржысына салып жатыр. Міне, бұл жерде көріп тұрғанымыздай құрылыс кестеден кешігіп жатыр. Демек аталған кәсіпкер бір кедергіге тап болды деген сөз. Осылай бүкіл жобаларды бақылап отырамыз. Қандай көмек керек, көрсетеміз.
Aimaq07 платформасына өңірдегі жалпы құны 650 млрд теңге болатын 279 инвестициялық жоба енгізілді. Оның 126 жүзеге асып жатса, 20-сы сәтті аяқталған.
Авторлары: Е. Жылқайдарұлы, Қ. Ақрап