Елде жасанды интеллект көмегімен су тасқынын болжайды

Қазақстанда су тасқыны, құрғақшылық және су тапшылығын жасанды интеллект көмегімен болжау жоспарланып отыр. Технология пайдалы қазбаларды анықтауға және қуаңшылыққа төзімді өсімдіктерді іріктеуге мүмкіндік береді.

Алматыда Ұлттық ғылым академиясы «Qazaqstan AI for Science» бағдарламасын таныстырды. Жоба ғылыми мақалалар, патенттер мен жинақталған деректерді талдайтын цифрлық көмекші негізінде жасалған. Ол зерттеулердегі олқылықтарды анықтап, жаңа ғылыми жұмыстарға тың идеялар ұсынады. Көрмеде отандық ғалымдар медицина, өнеркәсіп, су шаруашылығы және робототехника салаларына арналған жасанды интеллект жобалары көрсетілді. Алдағы үш айда мамандар жұмыстың негізгі кезеңдерін айқындайды. Алты айдан кейін алғашқы пилоттық жобалар іске қосылады. Цифрлық көмекші – ресурстарды үнемдеп, ғылыми әзірлемелерді тәжірибеге жылдам енгізуге мүмкіндік береді.

Исмаил Тоқбергенов, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының бас ғылыми хатшысы:

- Шешімді ғалымдар қабылдайды. Яғни, ең алдымен, мақсат пен міндеттерді адам белгілейді және соған сәйкес нәтижелердің дұрыстығын, бағалау критерийлерін қалыптастырады. Жасанды интеллект берген мәліметтер алдымен компьютерде, кейін нақты жағдайда тәжірибе жүзінде тексеріледі.

Сондай-ақ оқыңыз: