AI & Digital Bridge: 60-тан астам келісім жасалды

Алпыстан астам жаңа келісім жасалды.

AI & Digital Bridge халықаралық форумының нәтижесі осындай. Форум алаңында білім, қаржы, киберқауіпсіздік және өнеркәсіп салаларына арналған ІТ өнімдер таныстырылды. Біздің ел кейінгі жылдары цифрлық инфрақұрылымды қарқынды дамытып жатыр. Соның ішінде «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» мегажобасы қолға алынды. Бұл Орталық Азиядағы энергетикалық әлеуеті 1 ГВт-қа дейін жететін ең ірі кампус. Мұндай бастамалар жасанды интеллектіні, ғылыми зерттеулер мен жаңа цифрлық өндірістерді дамытуға негіз болады.

Сондай-ақ оқыңыз: