Ақтөбеде жаңа өндіріс орындары ашылады

Ақтөбе облысында жаңа өндіріс орындары салынады. Премьер-министр Олжас Бектенов өңірге жұмыс сапарымен барып, бірқатар инвестициялық жобалармен танысты, деп хабарлайды 24KZ.

Үкімет басшысы ат басын бұрған нысанның бірі – «Ақтөбе мыс компаниясы». Кәсіпорын жылына 5 млн тонна кен өңдеуге қауқарлы. Компания өз жұмысын бастағалы өндірісті дамытуға 407 млрд теңге инвестицияланған. Қазір серіктестік жерасты кеніші мен өндіріс көлемін көбейту бойынша үш бірдей жобаны қолған. Ал «Қазхром» компаниясы алюминий кластерін құру, энергетиканы дамыту, жаңа шахталар мен кен байыту фабрикасын салмақ. Сәйкесінше, мұнда жалпы құны 3,4 млрд доллар болатын инвестициялық жобалар жүзеге асырылмақ.

Ержан Абдулабеков, «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ бас директоры:

- ERG тобы Ақтөбе өңірінде ірі инвестициялық жобаларды іске асыруда. Солардың бірі – қорытпа газдарын қолданып электр энергиясы өндіретін жаңа электростанция салу. Оның қуаттылығы 80 мегаватт болады деп күтілуде, инвестиция көлемі 100 млн доллардан асады. Сонымен қатар ірі жобалардың бірі ретінде бүгін міне, болашақ шахтысына келіп отырмыз. Инвестиция көлемі 1 трлн теңгеден асады. Бүгінгі күнде бұл – дүниежүзіндегі, соның ішінде Қазақстандағы ең ірі, ең терең шахталардың бірі. Оның тереңдігі 1,2 километрден асады. Мұнда келешекте 6 млн тоннаға жуық хром кені өндіріледі.

Сондай-ақ оқыңыз: