Көмір тапшылығын ЖИ анықтайды

Енді көмір жеткілікті ме, жоқ па, оны жасанды интеллект қадағалайды.

Энергетика министрлігі цифрлық платформаны іске қосты. Жүйеге көмір өндіруші кәсіпорындардың деректері, тасымалдаушылар, көмір тұйығының операторлары мен 1 миллионнан астам тұтынушы туралы мәлімет енгізілген. Платформа көмірді өндіруден бастап, халық пен коммуналдық-тұрмыстық секторға жеткізуге дейінгі барлық кезеңді бақылауда ұстайды. Егер тасымалдаушылар кестеден кешіксе немесе сауда орындарында тапшылық туындайтін жағдай болса, жасанды интеллект алдын ала хабар береді.

Ернар Хасенов, ҚР ЭМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары:

- Жүйеге 351 теміржол тұйығы және көмірді өткізумен айналысатын 586 көмір тұйығы операторының қызметі туралы мәліметтер біріктірілген. Жүйе әрбір теміржол тұйығындағы көмір қорын  жөнелтілген сәттен бастап өңірлерге жеткізілгенге дейін қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға, сондай-ақ жоспарлы және нақты көлемдерді салыстыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз: