Цифрлық платформаларға тіркелмей пайда тапқандар анықталды

Елде цифрлық платформада тіркеліп өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 804 мыңнан асты.

Олардың 600 мыңнан астамы бұрын тіркелмеген. Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді. Биыл қолданысқа енгізілген арнайы салық режимі аталған секторды заңдастыруға мүмкіндік берді. Салық агенттері ретінде әрекет ететін цифрлық платформалар әлеуметтік төлемдерді 4% мөлшерінде автоматты түрде ұстап қалады.

Сондай-ақ оқыңыз: