TazaQazBot чат-ботына 2 мыңнан астам өтінім жолданды
Елордада қала тазалығына қатысты тұрғындардың өтініштері цифрлық жүйе арқылы қабылданады, деп хабарлайды 24KZ.
Жыл басынан бері TazaQazBot чат-ботына 2 мың 227 өтінім түскен. Соның 2 мыңға жуығы орындалған. Қала тұрғындары көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу, аумақтарды көгалдандыру және рұқсатсыз қоқыс төгілген жерлерді тазарту мәселелерін жиі көтереді. Барлық өтініш 24 бағыт бойынша сараланып, жауапты мекемелерге жолданады. Цифрлық сервистің көмегімен тұрғындар өтінімдердің орындалу барысын бақылап отырады. Тіпті фотоесеп ұсынылып, орындалған жұмыстың сапасын бағалау мүмкіндігі беріледі.