Дженсен Хуанг Қазақстанның жасанды интеллект экожүйесімен танысты

NVIDIA негізін қалаушы әрі бас директоры Дженсен Хуанг Қазақстанның жасанды интеллект экожүйесімен танысты, деп хабарлайды 24KZ.

Мәртебелі мейман Астанадағы alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды. Мұнымен қоса, Екібастұзда құрылып жатқан деректерді өңдеу орталықтарының ауқымды кластері – Data Center Valley жобасы да көрсетілді. Жоба жалпы энергетикалық қуаты 1 ГВт-қа жететін инфрақұрылымды кезең-кезеңімен дамытуды көздейді. Сондай-ақ Дженсен Хуангқа AI-Driven Government бағыты таныстырылды. Көрсетілім барысында энергетика, ғарыш саласы, қаржы секторы және ақылды қалаларға арналған аналитикалық платформаның мүмкіндіктері туралы мағлұмат берілді.

Сондай-ақ оқыңыз: