Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Күннің қолайсыздығына байланысты елдің бірқатар өңірінде көлік қозғалысына шектеу бар, деп хабарлайды 24kz

Түнде Қарағанды, Абай, Алматы облыстарында жол учаскелері жабылған болатын. Бұл өңірлерде бүгін де боран басылмайды. Батыс пен шығыста дауылды ескерту жарияланды. Жамбыл олысында таулы аудандарда қар жауып, көктайғақ болады. Мамандар сапарға шықпас бұрын 1403 нөміріне хабарласып, жолда абай болуды ескертеді.