О. Бектенов: инвестиция тарту — әкімдер мен министрлердің басым міндеті

Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеу арқылы натрий глутаматын өндіретін зауыт салынады.

Жақын арада Қытайдың ірі агро-өнеркәсіптік компаниясы құрылысты бастайды деп жоспарланған. Өндіріс құны 350 млн доллар.

Сондай-ақ биыл жазда Ақмола облысында $650 млн долларға бидайды терең өңдеу кешенінің құрылыс-монтаждау жұмыстары басталады. Барлық компаниялармен жобаларды «жайластыру» бойынша белсенді жұмыс жалғасып жатыр. Инвесторлардың проблемалары жылдам шешілу керек. Әсіресе, әкімдіктер жобалардың жүзеге асырылуын жіті қадағалауы тиіс - деді Премьер-министр. Олжас Бектенов инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмаларының орындалуына қатысты кеңес өткізіп, осы бағытта бірнеше тапсырма берді.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

- Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында инвестиция тарту басы артық бюрократиядан арылып, жедел ведомствоаралық үйлестіруді талап ететін аса маңызды жұмыс екенін айтты. Мемлекеттік органдар, әсіресе әкімдіктер жобаның іске асырылу барысын «тікелей» бақылауы керек. Әкімдер мен министрлер инвестиция тартумен күнделікті айналысып, бүгінгі күннің басты міндеті – инвесторлардың мәселелерін жедел шешуі қажет.