Еліміздің 16 өңірінде ауа райы туралы ескерту жарияланды

Елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды.

Қар, боран, жаңбыр жауады деп хабарлайды Қазгидромет.

Солтүстікте боран соқса, Алматы, Жетісу және Түркістан облыстарында жаңбыр жауу ықтимал. Кей аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетеді. Сондай-ақ түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жетісу облыстарында республикалық маңызы бар жолдардың біраз бөлігі жабылған. Мамандар жолға шықпас бұрын 1403 нөміріне хабарласып, абай болуды ескертеді.