Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Жиында армияны жаңғырту және әскери инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері қаралды.

Мемлекет басшысы Қарулы күштерді одан әрі дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.