Ескерту: еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, үсік жүреді

Бүгін елдің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды 24kz.

Әсіресе, елдің солтүстік өңірлерінде жаңбыр, бұршақ, қар жаууы ықтимал. Ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендеп, түнде үсік жүреді. Оңтүстік өңірлерде де жаңбыр жауады.

«Жауын-шашынға байланысты өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін», - деп ескертеді «Қазгидромет» мамандары.